Бүгін Қордай ауданының мешіттері "Қайырымдыға Алла да қайырымды" атты акция өткізді. «Кең болсаң – кем болмайсың». Демек, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген сөзін ұмытпауымыз керек.
Осы игі амалды дәстүрге айналдырған Алла үйінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек жандары бар отбасыларға көмек көрсетілді.
Шараға "Қордай" мешіті, Сортөбе ауылы "Хамед бен Бадый" мешіті, Әлжан ана ауылы "Құдайберген" мешіті, Қақпатас ауылдық мешіті, Жамбыл ауылы "Ал-Хафиз" мешіті, Еңбек ауылдық мешіттері атсалысты. Науқан аясында 1 ірі қара мал сойылып, еті таратылды. Сонымен қатар, 30 отбасыға азық-түлік, таратылды. Қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат 580 000 теңгені құрады.
Жәрдем алған жанұялар шын жүректен алғыстарын айтып, шүкіршіліктерін жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі