5 бөлім. Әминаның қайтыс болып, Абдул-Мүтәліптің қамқорлығында болуы. Ол қайтыс болып, Әбу Тәлібтің қамқорлығында қалуы.
«Кеуденің кесілу» оқиғасынан кейін Әмина ұлын өзіне қайтып алады. Бір күні Ади ибн ан-Нежжар руынан болған оның әкесінің жанұясын көріп қайтпақ болып олар Мединеге жолға шығады. Қайтар жолда әл-Ебуа[1] деп аталатын жерде Әмина көз жұмады. Сол кезден бастап оның тәрбиесімен Үммү Айман айналысады, ал Абдул-Мүтәліп оны қамқорлығына алады. Оған жаны ашып, оны өз балаларынан да артық жақсы көреді. Немересін керемет келешек күтіп тұрғанын сезетін атасы оған әрқашан мейіріммен қарайтын. Алайда Мұхаммед (ﷺ) сегіз жасқа толғанда, Абдул-Мүтәліп қайтыс болады. Одан кейін оны әкесінің бауыры — Әбу Тәліб қамқорлығына алады, ол да оны жақсы көріп, оған мейірімді болады. Әбу Тәліб кедей адам болған, алайда оның азын-аулақ мал-мүлігі құт-берекелі еді және Пайғамбарымыз (ﷺ) оның қолында тұрғанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) ештемеден мұқтаждық көрмеген, алайда балалар әдетте айналысатын ақымақтықпен айналыспаған. Мұны оның тәрбиелеп өсірушісі Үммү Айман айтқан. Балаларды асқа шақырғанда, әдетте олар бірден тамаққа бас салатын, бірақ Мұхаммед (ﷺ) өзіне тиген несібесіне қанағат тұтатын.
asyldin.kz