2 бөлім. Кітап авторының алғы сөзі

2 бөлім. Кітап авторының алғы сөзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аланың қалауымен, бізге дұрыс жолды көрсетіп, бізді адасудың түнегінен құтқарған Пайғамбарымыз (ﷺ), сені біз мадақтаймыз. Куәландыруға, қуандыруға, ескертуге әрі Аллаға Оның қалауымен шақыруға түсірілген жарық шамшыраққа салауат пен сәлем сұраймыз, сондай-ақ, өз үйлерін Алла разылығы үшін қалдырған оның сахабаларына (р.а.) да және оларды паналатқан, оларға көмектесіп әрі барлық мүліктерін дінді ұлықтау үшін жұмсаған ансарларға Алла разы болсын. Мұхаммад әл-Худари, 'Афифи әл-Баджури шейхтың ұлы былай жазған: «Жас кезімнен өткен күндер тарихын оқығанда жан тыныштығын табатынмын, одан ұлы ұстаз бен жақсы ақыл азығын көретінмін. Біздің Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғұмырнамасынан халықты ақиқатқа шақырғанда, оған сол халықпен жасалған азаптарға қандай ұлы шыдамдылық танытқанын, өз Отанын қалай тастап кеткенін - мұсылмандардың ең үздік тәрбиешісін көрдім. Ол бізге нені ұстанып, неден аулақ болуды көрсетті.

Біздің ата-бабаларымыз ұстанғандай, біз де оның жолын ұстануымыз қажет, әсіресе, бұл басқарушыларға маңызды, олар оның  өнегесінен адамдардың жүректеріне жол табуды әрі оларды татуластыруды үйренулері керек. Бұл, сондай-ақ, әскери басшыларға да маңызды, олар адамдарды әрі қару-жарақты жауды жеңу үшін дұрыс қолдануға үйренулері қажет. Бұл қарапайым адамдарға да қатысты, қаскөйлердің шабуылына  тойтарыс бере алатындай бірлесіп, бір тірі ағзам сияқты болуы үшін. Сираны оқу барысында мен зор рақатқа кенелетінмін әрі мұсылмандардың оны үйренулерін тоқтатқанынан қамығатынмын. Олар үшін сира бойынша жазылған кітаптар өте ұзақ дегендей өзім сылтау табатынмын.

Бірде мен Мансура қаласына келіп, қаланың судьясы Махмұд-бек Салиммен таныстым. Мен оның білімінің ауқымдылығы және тереңділігіне қайран қалдым. Әр кез оған дін бойынша сұрақ қойғанда, ол білікті әрі ділмарлық таныта отырып жауап беретін. Әсіресе, оның біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) сирасы туралы білімінің тереңдігі мені тәнті етті. Мен одан ұзақ та күрделі емес, қарапайым мұсылманға пайдалы болатындай оның сира туралы кітап жазуға нииетінің бар екенін көп рет естідім. Алайда бұл істің маңыздылығы мен қиындылығын түсіне отырып, мен өзімнің ойлағанымның орындалуын қолға ала алмадым, бірақ Мансурадағы ғалымдармен араласуым мені осы көпшілік оқырмандарға қолжетімді кітапты жазып бастауыма шабыттандырды. Мен Аллаға тәуекел еттім, Оның  көмегі мен разылығынан үміттендім. Мен күні-түні еңбектендім, бастағанымды аяқтағанша. 

Кітап,  Алланың мейірімінің арқасында, оқуға жеңіл де жағымды болып шықты, қарапайым мұсылманға, тіс қаққан оқырманға болсын пайда бере алатындай болды. Жазу барысында Қасиетті Құран және Бұхари мен Мүслім имамдардан жеткен сенімді сүннетке сүйендім. Бірақ хадистердің өзін тек қажет болғанда  кейбір сәттерді түсіндіруде ғана келтірдім. Сондай-ақ, Кади 'Ияданың «аш-Шифасы», «ас-Сира әл-Халябийя», имам әл-Кастылянидің «Мауахиб әл-лядунийясы», тағы да имам әл-Ғазалидің «Ихья 'улюм әд-дин» кітаптары маған өте көмектесті. Діни білімді жандандыруда біздің имамдарымызға және басшыларымызға сардарымыз Мұхаммедке (ﷺ) еру мейірімділігін сыйлауын Алладан сұраймын.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: