Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) сирасы

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) сирасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 бөлім. Алғысөз.

Алланың қалауымен, бүгінгі күннен бастап Пайғамбарымыздың (ﷺ) сирасын бөлімдерге бөліп баяндауды бастаймыз. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында екі дүние сардары, адамзат баласының ең асылы, адамдарды надандықтың түнегінен ақиқат пен бірқұдайылықтың жарығына шығарған осынау таңғаларлық адамды - біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедті  (ﷺ)  бізге сыйлай отырып, Алла Тағаланың  қандай рақымшылық танытқанын еске түсіру өте маңызды.

Осы рақымшылық үшін Аллаға разылығымызды әртүрлі жолдармен көрсетуге болады. Өкінішке орай, қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған коронавирус індетіне байланысты үстіміздегі жылда Рамазан айы ерекше болайын деп тұр. Әр істе бір хайыр бар дегендей, карантинде отырып-ақ Алла разылығы үшін оразамызды ұстап, Алла Тағаламызға мадақ айтып,  Алла Елшісіне (ﷺ) салауатымызды лайықты түрде үзбей айтып жүреміз, бірақ бұл разылықтың тек қана сыртқы жора болмауы елеулі. Пайғамбарымыздың (ﷺ) шариғатқа енгізгенін және пәк сүннетін ұстануды ішкі жан-дүниемен шексіз қастерлеу әлдеқайда маңыздырақ.  Пайғамбарымыздың (ﷺ) сирасын – өмірбаянын толықтай үйренбей сүннетті ұстану мүмкін емес. Шейх Мұхаммад Таки Усмани былай жазған: «Негізінде Мәртебелі Пайғамбарымызға (ﷺ)қатысты маңыздысы, — біріншіден, оның үйреткенін ұстану, ал екіншіден, оның игі сирасын әрбір мұсылманға, ерте балалық кезден мұсылмандардың жүректерінде сақталуына жеткізу, жанұя мүшелерінің өмірін оған сәйкестіріп құруларын әрі оны әлем тарихындағы адамзат тәлімінің аса көрнекті мысалы ретінде қастерлеуге үйрету — және осының бәрі  ең үлкен сүйіспеншілік әрі дәріптеумен, әлдебір ресми жоралармен емес, нағыз сүннетті ұстану арқылы жеткізілуі тиіс.  Бұл әлдебір ресми шеру не болмаса басылымдар шығару арқылы іске аспауы керек. Бұл тұрақты және жүйелі жігерді, мақсатты бағытталған оқу бағдарламасы мен дайындықты талап етеді»[1].

Алланың соңғы Елшісінің (ﷺ) тұлғасы – бұл әрбір мұсылманның ақиқат жолды ұстануын жарықтандырып тұратын шамшырақ.  Бұл адам бойына ең жақсы адами қасиеттерді сіңірген, ал оның өмірі — фәни дүниеде бізді игі істерге шабыттандыратын тамаша әркеттер кезегі.  Әрбір мұсылман оның өмірін оқып-үйренуі және оның өнегесін ұстануы қажет, өйткені Алла Тағала былай айтқан: «Шындығында, Алла Елшісінде (ﷺ) сендер үшін жақсы өнеге бар».

Сахабалардың ұрпақтары Пайғамбарымыздың (ﷺ)өмірінің мәліметтерін сақтап қалу үшін және оның өмірбаянынан зор тәрбиелік әлеует көріп оны келесі ұрпаққа жеткізуде аз күш-жігер жұмсамаған. Сахаба Са'д ибн Аби Уаккас (р.а.) былай айтқан: «Біз балаларымызға Елшіміздің (ﷺ) сирасы мен оның әскери жорықтарының тарихтарын, оларды Құранды оқытқандай үйрететінбіз». Бұл оның өмірінің алғашқы күнінен бастап соңына дейінгі  өмірбаянын білу және балаларымызды адамдардың ең көркемінің өнегесімен тәрбиелеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді».

Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірін үйренудің маңыздылығы туралы ғалымдардың өсиеттеріне құлақ сала отырып, әсіресе осы қасиетті Рамазан айына санаулы күн қалғанда asyldin.kz сайты сира туралы кітаптың аудармасын жариялауды жөн көрді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаяны туралы кітаптар көп жазылған. Ойланып, талқылаған соң біз аударуға шейх әл-Худари ретінде танымал болған шейх Мұхаммад ибн 'Афифи әл-Баджуридің «Нұр әл-якын фи сира сеййид әл-мурсалин» кітабын таңдап алдық. Сира бойынша басқа кітаптардан онда салыстырмалы түрде аз көлем мен деректердің бастан-аяқ баяндап жазылуының арасында, ғылымилық пен қызықтылық арасында, анықтық пен терең руханилық арасындағы асқан теңгерімнің болуымен ерекшеленеді әрі оқырмандарға құнды етеді. Ең маңызды дәлел ретінде бұл кітаптың авторының сүнниттік көзқарасты ұстануы да себеп болды, орыс тіліне аударылған көптеген сира бойынша кітаптар басқа сенімдегі адамдармен жазылған. Шейх Мұхаммад әл-Худари (немесе әл-Худари Бек) 1289 жылы (хижра бойынша 1872 ж.) Каирде туған. Медресені бітірген соң Суданда шариғат судьясы болып істейді, кейін 16 жыл Каирдегі медреседе сабақ береді, сондай-ақ, Мысырдағы ислам тарихы университетінде оқытушы болып, сосын білім беру министрлігінде  қызмет етеді. Шейх 1345 жылы (хижра бойынша 1927 ж.) Каирде қайтыс болған. Шейхтың ең танымал кітаптары:

  • Нұр әл-якын фи сира сеййид әл-мурсалин.
  • Усул әл-фикх.
  • Тарих ат-ташри әл-ислями (Ислам Шариғатының тарихы).
  • Итмам әл-уафа фи сира әл-хуляфа (Төрт тақуа халифтердің өмірбаяндары).
  • Әл-Ғазали уа таалимуху уа арауху (Имам әл-Ғазали туралы кітап).
  • Мухадарат фи тарих әл-умам әл-ислямийя (2 томдық ислам тарихы бойынша дәрістер) және басқа да шығармалар.

 


[1]    http://darulfikr.ru/story/manhaj/true_mawlid

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: