3 бөлім. Абдулланың Әминаға үйленуі. Әминаның жүкті болуы

3 бөлім. Абдулланың Әминаға үйленуі. Әминаның жүкті болуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абдул-Мүтәліптің ұлы Абдулла әкесінің ең  сүйікті балаларының бірі болған.  Он сегіз жасында ол Кылаптың ұлы, Зухраның баласы, Абду-Манаптың  ұлы, Уахбаның қызы Әминаға үйленеді. Әмина өзінің шығу тегі мен алатын орны жөнінен өз заманындағы құрайыш-қыздардан басым болған. Олардың некелері қиылған түні Әмина келешектегі Пайғамбарымызға (ﷺ) жүкті болады. Екі айдан соң Абдулла қайтыс болады да оны Мединедегі анасының руы Ади ибн ан-Нежжар жағынан болатын ағаларының жеріне жерлейді.  Сауда істерімен Шамға кеткен ол үйге қайтар жолда Мединеде ажал құшады. Айы-күні жетіп Әмина дүниеге ұл әкеледі және де әлем өзін рухани және мүлтіксіз көркем мінезімен нұрландыратын құдай берген адамның туғанына шаттанады. Марқұм астроном Махмұд Паша бұл қуанышты жайттың дүйсенбі күні таңертең рәбиүл әууәл айының тоғызыншы күні, яғни григориан күнтізбесі бойынша, 571 жылдың жиырмасыншы сәуіріне сәйкес келетінін белгілеген. Бұл піл[1]  жағдайынан бір жыл өткен соң болған.

Пайғамбарымыз (ﷺ) Әбу Тәлібтің үйінде,  хашімиттер (Хашім ұрпақтары) махалласында дүниеге келеді, ал оны босандырып алған Абдуррахман ибн Ауфтың анасы аш-Шифа болатын. Пайғамбарымыз (ﷺ) жарық дүниеге келген соң, анасы қуанышты хабарды атасына жеткіздіртеді. Атасы қуанып, немересіне Мұхаммед деп ат қояды. Мұндай ат бұрында арабтар арасында таралмаған еді, бірақ Алла Тағала Өз қалауының - дүниеге соңғы пайғамбардың келуін расталуын қалады және Тәурәт, Інжіл сияқты алдыңғы болған пайғамбарлардың кітаптарында аталған есімді ескертеді. Ал, сосын бұл атты оның атасының есіне түсіреді.  Осылайша Алланың қалауы орындалды. 

 


 

[1]    Бір эфиоп патшасы Қағбаны бұзбақ ниетпен Меккеге әскери жорық жасайды. Оның әскерінің қатарында арабтар бұрында ондайды көрмеген бір алып піл болады. Алайда Алла Тағала кәпірлерге қасиетті нәрсені бұзуға жол бермеді, әскерге топ-топ құстар жіберді, құстар оларға балшықтан жасалған тастар атты.  Құранның «Фил» (Піл) сүресінде айтылған осы белгілі жайттан соң, арабтар «піл жылынан» деген жыл санауды бстады. Осы жерде және одан ары — барлық ескертулер аудармашымен жасалған.   

  asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: