Пайғамбарымызды (ﷺ) баққан оның әкесі Абдулланың эфиоп-күңі Үммү Айман Барака. Ал адамзаттың асылын (ﷺ) бірінші емізген адам, оның ағасы Әбу Ләһаптің күңі Суейбе[1] болған. Сол кездегі арабтарда жаңа туған сәбилерге бәдәуйлердің арасынан емізетін адам табу әдеті болған. Бұл сәбиге пайдалырақ деп саналатын. Қалада өскен бала әлсіз әрі жігерсіз болып өседі деп айтатын арабтар. Емізетін нәрестелер тауып алуға Са'д ибн Бакра руының әйелдері Меккеге келеді. Алланың нұры жауған нәресте Әбу Зубайбтың қызы Халима ас-Са'дге бұйырады. Оның күйеуінің аты Әбу Кабша[2] болатын. Пайғамбарымызды (ﷺ) дәл соның ұлы деп құрайыштар кейініректе мазақтап, былай айтатын: «Бұл Әбу Кабшаның ұлы, онымен көк сөйлеседі!» Мұхаммед (ﷺ) олардың үйлерінде болған уақытында, сол жанұяға нанғысыз береке қонған болатын. Ал Пайғамбарымыз (ﷺ) олардың жанұясында төрт жыл тұрған.
Халиманың отбасында тұрған кезінде, Пайғамбарымызбен (ﷺ) осы жайт болған, дәлірек айтқанда, кеудесінің кесіліп, одан шайтанның үлесінің алып тасталынуы. Бұл жағдай Халиманы қатты қорқытады да ол келесі жайтты айтып, баланы анасына қайтарып береді: «Ол басқа бауырларымен бірге үйдің артында ойнап жүрген болатын, бір кезде бір бауыры жүгіріп келіп әкесі екеумізге: «Біздің бауырымыз құрайышты ақ киінген екі ер адам ұстап алды. Олар оны жатқызып қойып, ішін кесіп, ішінен бірнәрсе іздеді», - деп айтты. Әкесі екеуміз тез арада оған бардық та оның аппақ қудай болып кеткенін көрдік. Біз оны құшақтай алып, одан: «Саған не болды, ұлым?» - деп сұрадық. Ал ол: «Маған ақ киінген екі адам жақындап келді. Біреуі біреуінен: «Осы ма?» - деп сұрады. Екіншісі: «Иә», - деп жауап берді. Содан кейін олар мені ұстап алып, жерге жатқызып, ішімді жарып, ішімнен бірнәрсе іздеді, сосын алып шықты да лақтырып жіберді. Бірақ оның не екенін білмедім», - деп жауап берді.
3 Оның аты — әл-Харис ибн Абдул-Узза. Кейінтінде ол Исламды қабылдап, жақсы мұсылман болған.