15 бөлім. Дәжжал: Ибн Сияд

15 бөлім. Дәжжал: Ибн Сияд

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәжжалдың Алла Елшісінің (ﷺ) уақытында өмір сүрген немесе сүрмегендігін қарастырмас бұрын, Ибн Сияд деген тұлғаның кім екендігінің басын ашып алу керек. Оның аты туралы алауыздық туындаған, біраз адамдар оның аты – Сафи ибн Сияд десе, енді біразы – Абдулла ибн Сияд деген. Оның шығу тегі туралы да әртүрлі пікірлер бар, өйткені кейбіреулер оны – мединелік яһуди десе, ал басқалары – ансарлардан шыққан деген. Пайғамбарымыз (ﷺ) Мединеге келгенде ол әлі кішкентай болған. Ибн Касирдің айтқанындай, ол Ислам дінін қабылдаған әрі оның ұлы Аммара тақуа табиғин болған. Мәлік және басқалары одан хадистер келтірген (1).

«Таджрид асма ас-сахаба» кітабында имам аз-Захаби оның өмірбаянын баяндап берген: «Абулла ибн Сияд, оны Ибн Шахин алып келген. Кейбіреулер оны Ибн Саид деген. Оның әкесі яһуди болған. Ол жалғыз көзбен әрі сүндеттеліп туылған екен, оны Дәжжал деп айтқан. Кейін ол иман келтірген, Пайғамбарымызды (ﷺ) көрген табиғин болып саналады» (2).

Ибн Хаджар оны «әл-Исаба» деп атаған және аз-Захабидің айтқандарын былай хабарлаған: «Оның балалары Омар ибн Абдулла ибн Сияд, тақуа мұсылман әрі Саид ибн әл-Мусайябтың шәкірті болған, Мәлік және басқалары келтірген». Бірақ кейін былай деп айтқан: «Жалпы алғанда, Ибн Сиядты сахабалармен бірге атап өтудің жөні жоқ, өйткені егер ол Дәжжал болса, ол сахаба болып саналмайды, дегенмен, иман келтірмеген түрінде өледі. Егер Дәжжал басқа біреу болса да Пайғамбарымызбен (ﷺ) кездескен кезде ол иман келтірмеген болған» (3).

Бірақ кейін келе ол Ислам дінін қабылдаған әрі Пайғамбарымызды (ﷺ) көрген табиғиндардан болған.

(1) Ан-Нихая, 1/128

(2) Таджрид асма ас-сахаба, 1/319

(3) Әл-Исаба, 3/133

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: