Өмірінде шииіттермен кездесіп көрген адам, олардың идеологиясында имам әл-Махдидің үлкен орын алатындығын түсінеді: оны «имам аз-заман», яғни «осы уақыт имамы» немесе «күнәдан пәк соңғы имам» деп айтады. Әл-Махди туралы сүнниттік және шииіттік тұжырымдамалардың айырмашылығын түсіне білу өте маңызды.
Толықтай талдаулар нақты зерттеуді қажет ететіндіктен және бұл біздің бөліміміздің негізгі тақырыбы болмағандықтан, қысқаша негізгі айырмашылықтарын атап өтеміз:
Бірінші айырмашылық: Сенімді хадистерде келтірілгендей, әһлү сүннәда Махдидің есімі – Мұхаммед ибн Абдулла деп келсе, ал шииіттердің тұжырымдамасы бойынша – Мұхаммед ибн әл-Хасан әл-Аскари.
Екінші айырмашылық: Әһлү сүннә түсінігі бойынша Махди әлі туылмаған, ал шейіттердің идеологиясына сай ол 255 жылы туылған.
Үшінші айырмашылық: Әһлү сүннә бойынша Махди Хасанның ұрпағынан болады, ал шииіттердің идеологиясында ол Хусейіннің ұрпағынан.
Төртінші айырмашылық: Әһлү сүннәда Махди – қарапайым тақуа адам, яғни оған күнә мен қателіктер тән, ал шииіттерде ол - он екінші имам, яғни күнәдан пәк имам.
Бесінші айырмашылық: Әһлү сүннә бойынша Махди Алла Тағаланың қалауымен, Қияметтің алдындағы уақытта пайда болады, сондықтан адамдар оның келуін не алыстата, не жақындата алмайды.
Алтыншы айырмашылық: Әһлү сүннә сенімі бойынша ешбір шариғат шешімдері Махдидің келуіне тәуелді емес, ал шииіттердің идеологиясы бойынша, Махди келмегенше жиһад жасауға рұқсат етілмеген.
Басқа да айырмашылықтар бар, бірақ жоғарыда айтылып өткендерге қарасақ, әһлү сүннә мен шииіттердің Махди деп жүргендері бір тұлға емес. Сүнниттер мен шииіттердің Махдиді қабылдауының өзі түбегейлі түрде өзгеше болып келеді.
asyldin.kz