11 бөлім. Имам әл-Махдидің келуін жоққа шығарушылардың мәлімдеулері
Біз келтірген барлық хадистер мен ғалымдардың тауатур дәрежесінде айтқандарына қарамастан, өкінішке орай, біздің дәуірімізде имам әл-Махдидің келуін жоққа шығарушы бірқатар ғалымдар бар.
Солардың ішінде келесі тұлғалар өздеріне көп көңіл аудартуда:
1. Мұхаммад Рашид Рида (1)
2. Мұхаммад Фарид Уажди (2)
3. Ахмад Амин (3)
4. Абдулла ибн Зейд Әли Махмұд
Және тағы басқалары: олардың бәрі белгілі деңгейде Мұхаммад Абду мектебінің ықпалында болып, шариғат мәтіндері оларға ғылыми емес болып көрінгендіктен ғана жоққа шығарған, усул әл-фикх және усул әл-хадис кітаптарында келтірілген қағидаларды сақтамаған. Олар адамдарды имам әл-Махди – соңында сүнниттік кітаптарға енгізілген шейіттік тұжырым деген идеяға сендірмек болған.
Айтылған барлық авторларды теріске шығарған заманауи ғалымдардың ішінен «Ар-Радд әля ман каззаба бил-ахадис ас-сахиха фи әл-Махди» кітабының авторы Абдул-Мухсин әл-Аббадты (4) атап көрсетуге болады. Сайып келгенде, ол Абдулла ибн Зейд Әли Махмұдтың кітабындағы мәлімдеулерге сүйенген, өйткені осы мәселе жөнінде жеке еңбек жазған сол ғана болатын, ал қалғандары болса бұл тақырыпты жанамалай ғана өткен.
Имам әл-Махди туралы хадистерді әлсіз деп тапқан классикалық ғалымдардың арасында танымал тарихшы Ибн Халдун да болған. Ол былай айтқан:
«Заманның ақырына таман келетін имам әл-Махди туралы имамдар айтқан хадистердің кішкене бөлігінен басқасының бәрі дерліктей сынға ұшыраған». (5)
Ахмад Шакир Ибн Халдунның айтқандарын былай теріске шығарды:
«Ибн Халдун «сын мақтаудан күштірек» деген мухаддистердің қағидасын толық түсінбеген. Егер ол олардың сөздерін жетесіне жетіп түсінер болса, мұны айтпас еді. Бәлкім, ол мұны білген де шығар, бірақ өз уақытының саяси көзқарасына сай аталмыш хадистерді әлсіз деп көрсеткісі келген болар» (6).
1. Тәпсір әл-Манар, 9/499-505
2. Даира маариф, 10/48
3. Духа әл-Ислам, 3/237-241
4. Автордың жалған сәләфит екенін көрете кету керек, бірақ бұл кітапта ол ақиқатты керемет түрде қорғап қалған
5. Ибн Халдун «Мукаддима», 574 бет
6. Ахмад Шакирдің ескертуімен Ахмадтың «Муснады», 5/197-198
asyldin.kz