Дәжжалдың маңдайында бірігіп не болмаса бөлек әріптермен жазылған «кәпір» сөзі болатындығын айтып өткенбіз. «Бұл дәлме-дәл жазу бола ма?» деген сұрақ туындайды. Хузейфа (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) осы жазу туралы былай айтқанын келтірген: «Сол жазуды оқи алатын да, оқи алмайтын да оқитын болады» (1). Алайда қалайша бұл жазуды иман келтірмегендер көрмейді де, ал жазу танымайтын сауатсыз мұсылман оқи алатын болады? Бұл сұраққа Ибн Хаджар әл-Аскаляни былай деп жауап береді: «Алла Тағала кімге және қашан қаласа көз арқылы әлдебір нәрсені көргізеді, сондықтан да иман келтіргендер жазу танымаса да оқитын болады, ал иман келтірмегендер қанша сауатты болса да ол жазуды көрмейтін болады. Бұл әлдебір нәрседен мүміндердің дәлелді көріп, ал мүмін еместердің көрмейтіні сияқты. Алла Тағала мүміндерге оқусыз-ақ нәрселерді танытатын болады, өйткені сол кезде әдеттегі дүниелерден өзге нәрселер орын алатын болады» (2).
Осыны дұрыстап түсіндіріп берген имамға Алла разы болсын. Имам әт-Тафтазани «Шарх әл-акаидке» жазған алғысөзінде осы тақырыпты қарастырған (дәлірегінде, білім мен қабылдау – дағдылы түрдегі көру жұмысының нәтижесі емес, Алла Тағаланың жаратқан өзге жаратылысы): бір нәрсеге қарап тұрған екі адамның санасында екі түрлі жағдай болады, біріншісінің санасына – Жаратушы көргені туралы ақпарат берсе, ал екіншісіне – бермейді.
Имам ән-Науауи де былай айтқан:
«Алла Тағала Дәжжалдың дінсіздігін, өтірікшілігін, үндеуінің жалғандығын әшекерелейтін оның белгісі әрі нышаны етіп берілген жазуын дәлме-дәл мағынасында келтіреді. Жаратушы әрбір сауатты, сауатсыз мұсылманға оны білдіртеді де, ал кімді сынағысы келсе, олардан жасырып қалады, мүмкін емес ешнәрсе болмайды» (3).
(1) Мүслім
(2) Фатх әл-Бари, 13/100
(3) Шарх Сахих Мүслім 18/20
asyldin.kz