10 бөлім. Әл-Махди туралы қандай кітаптар оқыса болады?

10 бөлім. Әл-Махди туралы қандай кітаптар оқыса болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 10 бөлім. Әл-Махди туралы жазылған кітаптар

 

Әл-Махдидің келуі негізгі хадистер жинағында келтірілгеніне қарамастан, ғалымдар ол туралы жеке кітаптар да жазған:

1. Ас-Сухейли атап айтқандай, әл-Хафиз Әбу Бәкір ибн Хайсама әл-Махди туралы хадистер жинағын жасаған;

2. Имам ас-Суюты имам әл-Махдидің келуі туралы әртүрлі хадистерді жеке жинап жазған әрі оны өз еңбегі «Әл-Хауиде» (Әл-Хауи лил-фатауа 2/57) шығарған;

3. «Ан-Нихая» (1/30) кітабында Ибн Касир имам әл-Махди туралы жеке кітап жазғанын атап өткен;

4. Әли әл-Хинди имам әл-Махди туралы жеке еңбек жазған;

5. Ибн Хаджар әл-Хайтами «Әл-Каул әл-мухтасар фи аляма әл-Махди әл-мунтазар» кітабын жазған;

6. Мулла Әли Кари «Әл-Машраб әл-уарди фи мәзхаб әл-Махди» кітабын жазған;

7. Ибн Юсуф әл-Ханбали «Фауаид әл-фикр фи зухур әл-мунтазарды» жазған;

8. Аш-Шаукани «Ат-Таудих фи тауатур ма джаъа  фи әл-Махди әл-мунтазар» кітабын жазған;

9. Садық Хасан былай жазған: «Муххамед ибн Исмаил әл-Амиир әл-Ямани да имам әл-Махди туралы кітап жазған және оның Пайғамбарымыздың (ﷺ) тегінен әрі уақыттың соңына таман пайда болатынын жазған».

Жоғарыда айтылып өткен кітаптардың ішінен Ибн Хаджар әл-Хайтамидің жарық көрген әрі оқырмандардың қолы жетімді кітабын атап өтуге болады.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: