Норвегия мешіттерінде дауыс зорайтқыштарды қолдануға тыйым салынуда

Норвегия мешіттерінде дауыс зорайтқыштарды қолдануға тыйым салынуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Норвегия мешіттерінде азан шақыру үшін дауыс зорайтқыштарды қолдануға тыйым салуы мүмкін. Осындай Заң жобасын – өзінің нәсілшілдік және исламофобиялық көзқарастарымен танымал болған Ілгерілеу партиясы ұсынып отыр.

Аталмыш партияның өкілі Юн Хельгхаймның айтуынша, бұл құжат жуырда өтетін партия съезінде қаралатын болады.

Сонымен қатар, саясаткер бұл мәселені адам құқығы жөніндегі заңның мәнмәтінінде қарастырмайтынын айтып өткен, сондай-ақ, азан шақырылуына шектеу қоятын адам құқығын қорғайтын Конвенция оны мүлдем «толғандырмайды» екен.

Айта кету керек, Норвегияда азан мешіттердегі мұнарадан шақырылмайды, мешіттің ішінде құлшылық ететін орында айтылады. Ал мешіт ішінде қолданылатын дауыс зорайтқыштар көшеге мүлдем естілмейді екен. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: