БАҚ: АҚШ тарапынан болған қысымнан футболдан ӘЧ-2026 Мароккода өткізілмейтін болды

БАҚ: АҚШ тарапынан болған қысымнан футболдан ӘЧ-2026 Мароккода өткізілмейтін болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Марокколық БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, 2026 жылы футболдан Әлем чемпионатын өткізуге берген елдің өтінімін ФИФА қабылдамай тастаған, өйткені мұны АҚШ талап етіп отыр.

Журналистердің ақпараттарына сай, халықаралық футбол қауымдастығының басшысы Джанни Инфантино мундиальдің африка елінде өткізілмеуіне бар күш-жігерін салып бағады, себебі 2016 жылы бұл адамның аталмыш лауазымға тағайындалуына қол ұшын берген АҚШ-тың қойып отырған талабы осы.

Сондай-ақ, АҚШ-тың берген өтініші қабылданар болса, Америка ФИФА-ға сан миллиондаған сыйақы төлеуге уәде еткен көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, ӘЧ-2026 өткізуге төрт ел үміт артуда. Марокко мен АҚШ-тан басқа екі ел - Канада мен Мексика да үміткерлер қатарында бар.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: