ҚМДБ төрағасы Моңғолия мүфтиімен кездесті

ҚМДБ төрағасы Моңғолия мүфтиімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласында Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлымен кездесті.

Кездесуде діни татулық, қазіргі сын-қатерлермен бірлесе күресу, салт-дәстүрді жаңғырту, т.б. мәселелер төңірегінде жан-жақты пікір алысты. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттер мен имам-молдаларға көмек беру, қолдау көрсету жалғаса беретінін жеткізді.

«Біз, Моңғолияның діндар қауымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына әрқашан тілеулестік білдіріп отырамыз. Сіздердің қамқорлықтарыңызға айрықша алғысымды білдіремін», – деді Б.Хадысұлы.

Мәртебелі мейман Астанада мүфтияттың бастамасымен өткен Еуразия мұсылман Ғұламаларының халықаралық форумы туралы оң пікірін жеткізіп, айтулы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айрықша атап өтті.

Бас мүфти қазақы дәстүрмен мейманның иығына шапан жапты.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: