Бас мүфти: Әрбір өкілдікте пәтуаға жауапты бір имам бар

Бас мүфти: Әрбір өкілдікте пәтуаға жауапты бір имам бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинарға қатысқан Бас мүфти әрбір өкілдікте пәтуаға жауапты бір имам бар екенін айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында өткен 5 күндік семинардың соңғы сағатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өңір имамдарымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында маңызды сөз сөйлеген Бас мүфти пәтуа берудің жауапкершілігі мен пәтуаның бірізділігін сақтаудың мән-маңызына тоқтала келіп:

«Әрбір имамның өзіне жүктелген міндеті бар.  Сіздер әр өңірдегі, әрбір өкілдіктегі «Шариғат және пәтуа» бөлімінің арнайы өкілісіздер. Шариғи мәселелер мен діни сұрақтарға тек сіздер жауап беретін боласыздар. Барлығыңыз діни мәселелерге «Шариғат және пәтуа» бөлімінің дайындаған, бірізділенген жауаптарының аясында шешім берулеріңіз керек. Сонда ғана еліміз көлемінде пәтуаның бірізділігін, сұраққа жауаптың біртекті болуын толық жүзеге асыра аламыз. Бұл шариғатқа салсақ та, әдепке салсақ та үйлесімді үлгі», - деді.

Өз сөзінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің қазірге дейін 6000-нан астам сұраққа бірізділенген жауап берілген пәтуа базасын дайындағанын айтып өтті. Сонымен бірге, аталмыш пәтуа базасының қоғамдағы түйткілді мәселелер, жауап берілуі тиіс сұрақтармен жалғасты толығып отыратынын мәлімдеді.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: