Сауд Арабиясы үкіметі Салахқа Меккеден жер телімін сыйлады

Сауд Арабиясы үкіметі Салахқа Меккеден жер телімін сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Daily Mail ресурсының мәлімдеуінше, «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Мохамед Салах сый ретінде Меккеден жер телімін алды.

Естеріңізге сала кетсек, мысырлық жартылай қорғаушы PFA нұсқасы бойынша ағылшын Премьер-лигасының жыл футболшысы атанды. Үстіміздегі маусымда Салах «Ливерпуль» үшін 31 гол соққан және 10 мәрте нәтижелі түрде допты дәлдеп пас берген.

Сауд Арабиясы үкіметі мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеден аталмыш футболшыға жер телімін сыйлау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, бөлінген жер телімінде мысырлық футболшының есімімен аталатын мешіт салынуы да мүмкін деп айтылуда.

«Ливерпуль» мен «Рома» арасындағы чемпиондар Лигасының бірінші жартылай финалында Салах (5:2) «дубль» авторы атанды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: