Түркменстан үкіметі «азаматтардың инабаттылығы үшін күресті» жалғастыру мақсатында қыз-келіншектерге қынама бел және тыртысқан көйлектер киюге құпия тыйым салды. Бұл жөнінде «Альтернативные новости Туркменистана» порталы мәлімдеген.
Ресурстың ақпаратына сай, бұдан былай нәзік жандарға тұлғасын толықтай жауып тұратын тек ұзын жең әрі ұзын етек кең көйлектер киюге ғана рұқсат етілуде. Бұл жас қыздарды «бөтен көздерден» сақтауы керек деп айтылған.
Естеріңізге сала кетсек, мұның алдында Түркменстан билігі мемлекеттік ұйымдарда қызмет істейтін қыз-келіншектерге тырнақтарын бояп, шаштарына ашық рең беруге, сондай-ақ, шолақ шалбар мен суға шомылатын бикини киюге тыйым салған болатын.
asyldin.kz