Өзбекстанда Құран оқу байқауының жеңімпазына автокөлік берілді

Өзбекстанда Құран оқу байқауының жеңімпазына автокөлік берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстанда ең үздік қари анықталды. Өзбекстанда республика президенті Шавкат Мирзеевтің бастамасымен ашық Құран оқу байқауы өткізілді.

Аталмыш байқаудың жеңімпазы Қарақалпақстан тұрғыны Юлдашбек Нуриддинов атанды. Республика басшылығы жеңімпазға Chevrolet Lacetti автокөлігін тарту етті.

Сонымен қатар, «Құранды ең көркем оқу» және «Байқаудың ең жас қатысушысы» номинациялары бойынша да жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жалпы алғанда, байқауға 5,5 мың адам қатысты, соның ішінде, екі мыңнан астамы нәзік жандылар болған.

Байқауға қатысқан нәзік жандылардың жеңімпаздары әлі анықталуда, өйткені қыз-келіншектер арасынан озып шыққандарды анықтайтын қазылар алқасының құрамында тек қана Өзбекстан Діни басқармасының өкілдері ғана емес, сондай-ақ, басқа елдердің де өкілдері болған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: