Сириялық босқындарды ең көп қабылдаған ел

Сириялық босқындарды ең көп қабылдаған ел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сирияда азамат соғысы басталғаннан бері Араб республикасынан мәжбүрлі түрде қоныс аударған 1,3 млн босқындарға Иордания құшағын айқара ашып, пана бола алған.

Бұл жөнінде Иордания Сыртқы істер министрі Айман Сафади Брюсселде өткен халықаралық конференция барысында мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, бұл – аталмыш елдің халқына қарағанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Иордания ел аумағында 1 млн 265 мың сириялықтардың тұрып жатқандығын мәлімдеген, соның ішінде, тек 660 мың адам ғана ресми түрде босқын мәртебесіне ие екендігі анықталған.

Конференцияда сириялық босқындарға көмек ретінде қаржы жинау мәселесі көтерілді, өйткені Араб мемлекетінде орын алған қақтығыстың басталғанынан бергі жеті жыл ішінде 400 мыңнан астам адам қаза болған.

Шамамен 5,6 млн адам жан сауғалап елден қашуға мәжбүр болған. Қазіргі таңда Сирияның 13 миллиондай тұрғыны көмекке аса зәру халде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: