Стамбулда әлемдегі ірі әуежайлардың бірі ашылуға дайындық үстінде

Стамбулда әлемдегі ірі әуежайлардың бірі ашылуға дайындық үстінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Стамбулда үшінші әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Құрылысы аяқталуға тақап қалған жаңа әуежай әлемдегі ең ірі әуежайлардың біріне айналады деп көзделуде.

Түркия транспорт, кеме қатынасы мен байланыс министрінің орынбасары Юксель Джошкунъюрек мәлімдегендей, әуежайдың салынуы – ауқымды жобаның жүзеге асуының бір бөлігі, аталмыш жоба үш құраушыдан тұрады. Олар: 2016 жылы ашылған Босфор бұғазы арқылы өтетін үшінші көпірдің құрылысы, сондай-ақ, Босфорға қатар жатқан әрі жылдың соңына дейін құрылысы басталатын «Стамбул» каналының құрылысы.

Стамбул жаңа әуежайының көлемі 80 миллион шаршы метрді құрайды. Бір мезгілде әуежай 114 ұшаққа дейін қабылдай алады.

Әуежайдан 350 бағыт бойынша ұшақтар ұшып, шамамен 225 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп қарастырылуда.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: