Көңілін көптен күпті еткен бір ісі орындалғанда я болмаса былай да бір малды шалам деп мұсылман баласының Аллаһ Тағалаға уәде беріп, сол уәдесінің уақыты келгенде шалатын малы «нәзір құрбаны» деп аталады. Мысалға, ауырып жатқан адам осы ауруымнан айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы - уәжіп.
Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адамның өзіне, балаларына, немерелеріне және әке- шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын ке- дейлерге тарату керек.