Ислам ғылымхалы

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 


Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату - мұстахап. Бір бөлігі - туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына қалдыра алады.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде құрбанның еті тура- сында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер»460.
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) шалған құрбанының етін қалай таратқандығы турасында Ибну Аббас былай деп риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) шалған құрбандығының үштен бірін - отбасына, үштен бірін

 

460 Хаж, 22/28.
 
- кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».
Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату - мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.
Хз. Әлидің былай дегені риуаят етілді: «Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін тара- туымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз»461, - деді.
Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады.

Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?

Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан түспейді.

Көз жұмған  кісі үшін құрбан шалуға бола ма?

Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен

 

461 Муслим, Хаж,348.
 
өсиетін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.

Ақиқа құрбаны деп қандай құрбанға айтылады?

Жаңа туылған сәбидің басындағы шашына «ақиқа» - делінеді. Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сәбиге жеті күн толғанда шалу - абзал.
Сәбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе күмісті садақа ретінде беру - сүннет. Құрбанның да сол күні шалынуы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хз. Хұсайн мен Хасан үшін ақиқа құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жа- райтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» - делінеді.