Ислам ғылымхалы

Ислам дініндегі еті желінетін және еті желінбейтін хайуандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Тек қана суда өмір сүретін  хайуандар


Ханафи мәзһабында жалпы суда өмір сүретін хайу- андардан тек қана балық түрлері желініп, балық түріне жатпайтын суда өмір сүретін барлық хайуандардың еті желінбейді465. Сырттан белгілі себептің салдарынсыз өздігінен өлген балықтың еті желінбейді. Бірақ судың тартылуына байланысты, қатты ыстық немесе қатты суықтың салдарынан өлген немесе құстар тарапынан өлтірілген балықтардың етін жеуге болады.

 

2. Суда да, құрлықта  да өмір сүретін хайуандар


Кесіртке, жылан, тасбақа, қолтырауын, дельфин т.б. осы тәріздес әрі суда, әрі құрлықта өмір сүре алатын хайуандардың еті желінбейді.

 

465 Ханафи мәзһабынан  басқа мәзһабтарда  барлық суда өмір сүретін хайуандар желінеді.
 
              3. Тек қана құрлықта өмір сүретін хайуандар


Жаратылысында жыртқыштық қасиеті, яғни орақ тістері және жыртқыш топшылары жоқ және адамның табиғатына жиркенішті көрінбеген жалпы хайуандар діни негіздерге сай ауланып немесе сойылса, еттерін жеу - халал.