Ислам ғылымхалы

Арафа күні және Арафатта тұрудың сүннеттері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жаққа қарай бет алу
  • Намира мешітінде түскі намаздан бұрын Имамның екі хұтба оқуы
  • Аузы берік болмау (ораза тұтпау)
  • Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса, ғұсыл құйыну
  • Арафатта тұруға бар ықыласпен дайын болу
  • Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып оқу. Намаздың осылай бесін уақытында біріктіріліп оқылуын «жамғу - тақдим» деп атайды.
  • Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау
  • Уақфа жасаған уақытта дәретті болу
  • Уақфаны «Жәбәлул-рахмә» деген төбенің қара тастарында жасау
  • Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып, түрегеп тұру
  • Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі және жалпы мұсылман бауырлары үшін дұға
 
жасау, тілек тілеу. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұғалардың ең қайырлысы - Арафа күні жасалған дұға»415, - деп бұйырған.
  • Күні бойы тәлбия, тәкбір, зікір, тәсбих, салауат айтып, күнәларына кешірім тілеу
  • Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау
• Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен түсу

 

Бесін намазы мен намаздыгер намазы бір уақытта қосылып, қалай оқылады?

Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін
намазының алғашқы төрт рәкат сүннеті оқылады, сосын қамат түсіріліп, бесін намазының парызы оқылады. Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының парызы оқылады. Уақфа болғандықтан, бесін намазының соңғы сүннетін оқу - мәкрүһ. Әр екі намаздың парызда- рынан кейін ташриқ тәкбірі айтылады. Осылайша бесін мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін уақытында қосылып оқылады.