Имани гүл.

ДАРвИНИзМНІҢ ЖАЛҒАНДЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Негізінде дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми жетістік емес, бар болғаны гипотеза, болжам, яғни осы- лай болуы мүмкін деген ой-пікір ғана. Гипотеза ғылыми түрде дәлелденген жағдайда ғана теориялық болжамнан шығып, шындыққа, ғылымға айналады.

Ал дарвинизм теориясынан бастау алған «Адам май- мылдан пайда болды» деген пікір бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғылыми түрде дәлелденіп, нақтылық тұғырына жете алмады. Олай болса, бұл пікір қара дүрсін болжам ғана. Сондықтан оны талқылап жатудың өзі артық. Десек те, оқырманға пайдасы болар деген ниетпен кейбір негізгі ұстанымдарын талдап көрелік.

Дарвинизм теориясының негізгі ұстанымдарын

қорыта айтсақ, төмендегідей:

1. Жан-жануар, өсімдік әлемі және жалпы жан иелері бір-бірінен пайда болды. Барлық жан иелерінің түпкі тегі біреу. Жан-жануарлар мен өсімдіктер уақыт өте келе бүгінгі пішіндері мен түрлеріне айналған. Бастауы миллиондаған жылдарға барып тірелетін жан иелерінің қазіргі түрлері - мақсатсыз, мағынасыз, кездейсоқтықтың әсерінен кішкентай бір жан иесінен сатылай-сатылай да- мып, пайда болған.

2. Жан-жануарлар мен өсімдіктер өмір сүріп, тіршілік бетінде қалу үшін өте үлкен күш жұмсап, күрес жүргізіп, бір-бірімен қырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері тірі қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып, жан иелерінің қатарынан шығуда. Тірі қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеруде. Бұл өзгерістер жаңа ұрпақтарға да өтуде.

39

-----------------------------------------------------Page 39-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Жансыз материя қалай жан иесі болды?

Дарвиншілердің бірінші ұстанымдарында айтылғандай, жан-жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегі бір болуы мүмкін бе?

 

Дарвинизм пікірін қолдайтындар бұл сұраққа «иә»

дейді. Дәлелдері - тек болжам ғана.

Олардың пікірлері бойынша қазіргі жан иелерінің бәрі жалғыз клетканың дамуы арқылы сатылай-сатылай пай- да болған. Ал енді барлық жан иелерінің бастауы болған кішкентай клетка қалай пайда болды? Олардың айтуынша клетка да сатылай даму жолы арқылы пайда болған. Жансыз материя мен жанды нәрсенің арасында таң қаларлық үлкен айырмашылық бар екендігі бәрімізге белгілі. Ал енді жансыз бір зат қалай ғана өз-өзінен, сырттан, басқа бір күштің әсерінсіз жанды клеткаға ай- налуы мүмкін? Бұл сұрағымызға тағы да «кездейсоқтың әсерінен» деген жауап аламыз. Алайда сол бір қарапайым клетканың өзі кездейсоқ өз-өзінен пайда бола алмайды. Себібі ол аса керемет, тамаша жүйеге ие. Ал санадан мақұрым, білімнен ада, жансыз, көр материядан кездейсоқ саналы адамның пайда болуы тіптен мүмкін емес. Профе ссор, доктор Клаус Доус (Германиядағы Johannes Gutenberg университетінің биохимия институтының ректоры): «Соңғы 30 жыл бойғы өте терең зерттеулерге қарамастан алғаш жанды клетканың пай- да болуы туралы ешқандай ғылыми дәлел табылмады», - деп, алғашқы жанды клетканың өз-өзінен пайда болуының ешқандай ғылыми негізге сүйенбейтінін айтса, Кейц Граһам: «Алғашқы өмірдің (жанды клетканың) баста- уы деп есептелген элементтер қазір де бар. Бірақ қазір неліктен олардан жанды нәрсе пайда болмайды?» деп,

40

-----------------------------------------------------Page 40-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

жансыз элементтерден өз-өзінен жанды нәрсе пайда бол- майтынын дәлелдейді.

Батыстың белгілі ғалымы Макс Планк материяның

қалай пайда болғандығы жайлы былай дейді:

« Материя белгілі бір күш-құдірет арқылы тіршілік бетіне шығып, пайда болады. Материяның ішінде кішкентай-кішкентай күн жүйесі тәріздес жүйелер бар. Атом және электрон деп аталатын бұл жүйелер ма- терияны ыдырап кетуден қорғайды. Ғарышта мұндай керемет күш-қуат болмағанына қарағанда күллі жа- ратылысты белгілі бір жүйеде ұстап тұрған керемет ілім, шексіз құдірет иесі болуға тиіс. Міне, материяның бастауы - осы құдірет. Бұл құдіреттің Ұлы Жаратушы екені күмәнсіз».

Ескі қаңқалар дарвинизмнің

қателігін әшкерелейді

Эволюция теориясы бойынша, барлық жан иелері бір- бірінен тараған. Ертерек пайда болған белгілі бір жан иесі уақыт өте келе екінші бір жан иесінің түріне айналған. Міне, осылайша барлық жан иелерінің түрлері пайда болған. Бұл теория бойынша, жан иелері түрлерінің бір-біріне айналула- ры миллиондаған, тіпті миллиярдтаған жылдарда сатылай- сатылай жүзеге асқан-мыс. Олай болса, осы жан иелерінің бір-біріне айналған жүз миллиондаған жылдар ішінде екі түрдің бір-біріне айналу кезінде сансыз «аралық түрлердің» пайда болуы және өмір сүрулері тиісті. Мысалы, судағы балықтың бірден бауырымен жорғалайтын жан иесіне ай- налуы мүмкін болмағандықтан, екеуінің арасын жалғайтын жартылай балық, жартылай бауырымен жорғалайтын «аралық түр» жан иелерінің немесе бауырымен жорғалай- тын жан иелерінің құсқа айналу кезінде жартылай бауыры- мен жорғалайтын, жартылай ұшатын құстардың ерекшелік-

41

-----------------------------------------------------Page 41-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

тері бар «аралық түрі» пайда болып, өмір сүрулері керек еді. Бұл аралық түрлер өтпелі кезең үшін болғандықтан ауру, кемшілікке толы болуға тиіс. Егер шынымен-ақ аталмыш аралық түрлер өмір сүрген болса, олардың өмір сүргенін дәлелдейтін миллиондаған, тіпті қазір өмір сүрген жан- жануар, құстардың санынан да көп қаңқа сүйектері табылуға тиіс еді ғой. Бірақ табылмады. Чарльз Дарвиннің өзі де «Түрлердің түбірі» атты кітабында былай дейді: «Егер те- ориям дұрыс болса, түрлерді бір-біріне байлайтын сансыз аралық түрлердің өмір сүрулері тиіс. Бұл аралық түрлердің өмір сүргендіктерін дәлелдейтін жалғыз дәлел - аталмыш аралық түрлердің фосилдері (тасқа айналған қаңқалары) бо- лар еді». Бірақ Дарвин өзінің теориясын дәлелдейтін аралық түрлердің қаңқаларын терең зерттеулердің нәтижесінде де таба алмағанын былай деп мойындайды: «Егер шынымен-ақ барлық жан иелерінің түрлері бір-бірінен сатылай-сатылай дами отырып пайда болса, неге сансыз аралық түрлердің қаңқаларына кезікпейміз? Неліктен жалпы жаратылыс кемшіліксіз тамаша жүйеге ие?!» 4 .

Дарвин: «Қазір бұл аралық түрлердың қаңқалары табылмағанымен келешекте міндетті түрде табылуға тиіс» деген үміті арқылы өзін-өзі жұбатты әрі оңбай қателесті. Үмітсіз шайтан деген эволюционерлер Дарвиннің бұл үмітіне сенім артып, 19 ғасырдың ортасынан бастап осы күнге дейін дүниенің әр-әр жерінде өте қызу түрде аралық түрлердің қаңқаларын іздеу жұмысын жүргізді. Бірақ осыншама қызу зерттеулердің нәтижесінде үміттері босқа шығып, ешбір аралық түрлердің қаңқасын таба ал- май діңкесі құрыды. Керісінше, жүргізілген зерттеулерден табылған қалдықтар, эволюционерлердің күткеніндей емес, барлық жан иелерінің тіршілік бетіне сатылай-сатылай емес, бірден кемшілік, қатесіз түрде пайда болғандығын тайға таңба басқандай дәлелдеді. Осылайша эволюционерлер өз

4

Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынлары, Анкара 1996.

42

-----------------------------------------------------Page 42-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

теорияларын дәлелдейміз деп жүріп, оны өз қолдарымен күйрете құлатты. Бұл шындықты эволюционер болғанына қарамастан атақты ағылшын, ескі қаңқаларды зерттеуші па- леонтолог Дерек Агер былай деп мойындайды: «Проблема- мыз мынандай: қаңқаларды кеңінен, тереңінен зерттеген уақытымызда, әрдайым сатылай-сатылай дамыған емес, тіршілік бетіне бірден пайда болған жан иелері түрлерінің кездескенін көреміз».

Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері

мен олардың ежелгі қаңқалары

Қазір өмір сүріп жатқан көптеген жан иелері мен олардың миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген түрлерінің қаңқалары арасында ешқандай айырмашылық, өзгерістің жоқ. Бұл барлық жан иелерінің сатылай даму жолы арқылы емес, Ұлы Алла тарапынан арнайы жаратылып, жер бетінде бірден пайда болғандығын көрсетеді.

043.jpg

100 миллион жыл бұрын өмір сүрген құмырсқаның табылған фосилі (таста қалған қаңқасы) мен қазіргі кездегі құмырсқаның арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

43

-----------------------------------------------------Page 43-----------------------------------------------------


044.jpg


ИМАНИ ГҮЛ

М и л л и о н д а ғ а н ж ы л б ұ р ы н ө м і р с ү р ге н а р а н ы ң т абылған қаңқасы мен қазір өмір сүріп жатқан араның арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

 

410 миллион жыл бұрын өмір сү

../pic/img/044..jpg
рген целекант балығының таста қалған қаңқасы. Эволюционерлер осы- нау қаңқаға сүйене отырып, табылған бұл балық түрін жан иелерінің судан құрлыққа өту кезеңіндегі «аралық түрінің» үлгісі деп қабылдаған.

44

-----------------------------------------------------Page 44-----------------------------------------------------


../pic/img/045.jpg

ИМАНИ ГҮЛ

Бірақ қаңқасы табылған осы целекант балығы 1938 жылы тірідей бірнеше рет ауланды. Соңғы жылдары бұл балық түрінің жиі-жиі аулануы эволюционерлердің өтірік тұжырымдарын әшкере етті.

../pic/img/045..jpg

135 миллион жыл бұрын өмір сүрген инеліктің тасқа айналған қаңқасы мен қазіргі инелік еш өзгеріссіз бірдей.

Эволюционерлердің қаңқаларды ғылыми

негізсіз жорамалдап, халықты алдауы

Эволюционерлер табылған сүйектің бір бөлігі арқылы белгілі бір жан иесінің суретін яки макетін өз

45

-----------------------------------------------------Page 45-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

мақсатта-рына орайластырып ғылыми негізсіз қияли жо- балау арқылы халықты өздеріне сендіруді көздеген. Газет- журнал, кітаптардағы дарвинизмді дәлелдеуге қолданған көптеген суреттер мен макеттер, міне, осындай сурет, ма- кеттер.

Эволюционерлердің бұл тұрғыда шектен шыққандары соншалық, «Zinjanthropus» деп атала- тын адамның бас сүйегін негізге алып бір-біріне мүлде ұқсамайтын үш түрлі қияли сурет салған.

Бір бас сүйектен үш түрлі сурет

../pic/img/046.jpg

Бұл туралы Гарвард университетінен Эрист А. Хутен былай дейді: «Денедегі жұмсақ жерлерді жобалап, қайта жасау өте қиын жұмыс. Ерін, көз, құлақ, мұрын сияқты жұмсақ мүшелердің астындағы сүйектерімен ешқандай байланысы жоқ. Мысалға, «Neandertal» бас сүйегін жоба- лау арқылы оны бір маймыл түріне немесе бір философқа ұқсатып суретін немесе макетін жасай аласыз. Байырғы адамдардың қалған сүйек қалдықтарына сүйене отырып жасалған суреттер мен макеттердің ешқайсысы ғылыми

46

-----------------------------------------------------Page 46-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

негізге сүйенбегендіктен сенімді емес және халықты өздеріне сендіру үшін қолданылатын айла».

Эволюция - ғылым емес, алдау

Эволюционерлер маймылдың адамға айналу кезеңіндегі «аралық түр» жартылай маймыл, жартылай адамның болғандығын дәлелдейтін сүйек қаңқаларын таба алмағандықтан, бұл проблемаларын маймыл мен адамның сүйектерін құрастыру арқылы шешуге бел байлаған.

Атақты доктор, ескі сүйектерді зерттеуші Чарльз Доусон 1912 жылы: «Англиядағы Пилтдаун деп атала- тын жердің маңайындағы бір шұңқырдан бір жақ сүйек пен бас сүйек тауып алдым» деп әлемге жар салады. Жақ сүйек маймылдікіне ұқсағанымен, бас сүйегі мен тістері адамдікіне ұқсайтын бұл сүйектерге 500 мың жылдық жас берілді. Сөйтіп «Пилтдаун» деп аталған бұл сүйектерді әр түрлі мұражайларға қойып, адамның маймылдан са- тылай даму жолы арқылы пайда болғанын растайтын нақты дәлел ретінде қолданды. Бұл сүйекке байланысты 40 жылдам астам уақыт ғылыми мақалалар жазылып, су- реттер сызылды. Әлемдегі әр түрлі университеттерден 500-ге жуық докторлық еңбек қорғалды. Алайда, 1949 жылы Кеннет Окли атты ғалым сүйектердің нақты жасын анықтайтын «Flor test» тәсілі арқылы «Пилтдаун адамын» да зерттеп көрді. Нәтиже өте таң қаларлық, бір сөзбен айтқанда, масқара! «Пилтдаун адамының» сүйектері адам мен маймылдың сүйектерін өте шеберлікпен құрастыру арқылы жасалғандығы әшкереленді. 500 жыл бұрын өмір сүрген адамның бас сүйегіне 60 жыл бұрын өмір сүрген Орангутан маймылының жақ сүйегі, жақ сүйегіне адамның тістері жасанды түрде өте шеберлікпен орнатылғандығы анықталды. Сүйектердің жанынан табылды делінген

47

-----------------------------------------------------Page 47-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

құралдардың қолдан жасалғаны да белгілі болды. Осыдан кейін ғана 40 жылдай Британ мұражайында тұрған бұл құрастырылған сүйек дереу шығарылып тасталды. Иә, өз мақсаттарын дәлелдеу үшін осындай айла, қулықтарға жүгінген ғалымсымақтардың қандай дәлелдеріне сенуге болады? 5

Адам бас сүйегіндегі орангутанның жақ сүйегі

../pic/img/048.jpg

../pic/img/048..jpg

5

Герчеге догру журналы № 13, 10-бет. Гуфран Койунсу. 1996 ж.

48

-----------------------------------------------------Page 48-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Әр жан иесінің еркек-ұрғашысы қалай пайда болды?

Эволюционерлер сатылай даму арқылы маймыл- дан адам пайда болды деп жар салып, оның қиялдан макеті мен суретін салды. Бір таң қаларлығы, маймыл- дан сатылай дамудың ең ақырғы кезеңінде пайда болған адам ретінде орта жастағы нәсілі батыстыққа жататын ер адамның бейнесі таңдалған. Бұл әрине батыс нәсілді адамдарды өзге адамдардан үстем етіп көрсетудің айқын көрінісі. Маймылдан адамға айналу кезеңіндегі дамудың ең соңғы үлгісі ретінде батыс нәсілді ер адамның бейнесін көрсеткен эволюционерлер әйел адамның қалай пайда болғанына келгенде, дерек көрсетпек түгілі ол туралы жақ ашпауда. Осы пайда болған ер адамға ішкі-сыртқы бар жағынан үйлесімді түрде өзгеше даму жолы арқылы әйел баласы қалай және қай жерде пайда болды? Бұған байла- нысты қанағаттанарлық ғылыми қандай дәлелдер бар? Ғаламдағы барлық жан иесінің еркектері миллиондаған жылда сатылай даму арқылы пайда бол- ды дей тұрғанмен, солардың әрқайсысының ұрғашы тектері қалай пайда болды деген сұрақ бәрібір мазаламай қоймайды. Әр жан иесі бөлек-бөлек даму жолдарымен пайда болды десек, олардың еркек-ұрғашылары қалай бір-бірімен үйлесетіндей тамаша күйде пайда болған? Өз ұрпақтарын жалғастыратындай мүмкіншілікке қалай ие болды? Бұл сұрақтарға «кездейсоқ» деп жалтарудан өзге тұщымды жауап табу да мүмкін емес.

49

-----------------------------------------------------Page 49-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?

Дарвинизм пікірін қолдайтындардың ұстанатын екінші негіздері: «Жан-жануарлар мен өсімдік әлемі тіршілік үшін үлкен күрес жүргізіп, бір-бірімен қырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері ғана тірі қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып, жойылуда. Тірі қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын бір түрден екінші түрге ауысып, өзгереді. Бұл өзгерістер жаңа ұрпақтарға да өтуде».

Олардың айтқанындай, егер әр жан иесі тіршілік үшін басқа жан иелерімен үнемі қырқыс, күрес үстінде болса, аналардың балаларына деген мейірімділігін, ақылсыз тауық сияқты құстардың балапандарын құтқару үшін жыртқыштардың аузына түсіп, өз жандарын балаларының жолында пида етулерін қалай түсінуге болады? Мыса- лы, теңіздегі кейбір үлкен балық түрлері тамақтанғаннан кейін аузын ашып тұрады. Ал екінші бір кішкентай балық келіп тістерінің арасындағы еттерді тазалап, қорек етеді. Демек, өмір - қырқыс, күрес емес, өзара жәрдемдесіп, көмектесу. Әйтпесе кішкентай балық қорықпастан, емін- еркін жыртқыш балықтың аузында жүре алмасы анық. Үлкен балық та кішкентай балықтарға тиіспестен аузын ашып жай ғана тұра алмас еді. Дарвиннің айтқанындай, жан иелері арасында өмір үшін жасалған бұл қырқыс, күресте әлсіздердің тұқымы құрып, тек қана күштілері қалатын болса, жер бетіндегі әлсіз миллиондаған жан- жануар, өсімдіктердің осы күнге дейін өз өмірлерін сақтап, ұрпақтарын жалғастыруын, керісінше, ең күшті санала- тын динозаврлар секілі ірі жыртқыштардың тұқымының тұздай құруын қалай түсінуге болады?

50

-----------------------------------------------------Page 50-----------------------------------------------------