Атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен ер жүрек жауынгер, асыл сөз иесі, ақын ретінде танылып, аты ел ішіне кең таралған. Жігіттік кезі Ноғай ордасы - Мұса бидің маңайында өтеді.
Толығырақ...
Шал ақын 1748 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген. Ақынның ес біліп, есейген өңірі - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Тілеуке ақын өнерімен жас кезінен-ақ елге танылып, Шал ақын аталады.
Толығырақ...
Махмұд әл-Қашқари, Махмұд әл-Хүсейін ибн Мұхаммед - ХІ ғасырдағы Орта Азиядағы атақты түрколог. Әкесі Хүсейін ибн Мұхаммед Барысқанның әміршісі болған. Махмұд Қашқари Шу топырағындағы Барсхан қаласында ХІ ғасырда дүниеге келген, өзінің де, ата-бабасының да өскен, өркен жайған аймағы осы аталған жер.
Толығырақ...
Қазақ халқы ата жауы жоңғардың үсті-үстіне жасаған аяусыз шапқыншылығынан енді-енді бас көтерген кезінде Қаблиса жырау дүниеге келіпті, ол жастай ел-жұртына өнегелі жыр төккен, есейе келе көрнекті жырларын даналық ойлармен өрнектеген.
Толығырақ...
Ақтамберді жырау Сарыұлы Қаратау бойында дүниеге келген. Ақтамбердінің ақындығы ерте ашылған. 17 жасынан соғысқа қатысып, қазақ жерін қалмақтардан қорғаған белді батырлардың бірі. Өз елін, өз жерін, өз Отанын жанындай сүйген ақынның өлеңдері нәзік сезімге, биік парасатқа құрылып, байтақ жұртын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» шақырады, үндейді.
Толығырақ...