Қаблиса (Қабан) жырау (1733-1824).

Қаблиса (Қабан) жырау (1733-1824).

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы ата жауы жоңғардың үсті-үстіне жасаған аяусыз шапқыншылығынан енді-енді бас көтерген кезінде Қаблиса жырау дүниеге келіпті, ол жастай ел-жұртына өнегелі жыр төккен, есейе келе көрнекті жырларын даналық ойлармен өрнектеген. Жырау жырларындағы тарихи таным мен халықтың хал-жағдайына жасаған терең талдаулар, жеке адамның өміріне байланысты оның толыққанды өмір сүріп бақытқа жетуіне негіз болатын себептерді жан-жақты ашып көрсетуі ақынның интелектуальдық деңгейін сипаттайды. Қаблисаның өзіндік дәстүрлі мектебі болған, оны Сүйінбай, Бақтыбай, Сарыбай, Есенгелді, Мәулімбай, Қалқа, Кенен секілді ақ иық ақьндар ұстаз тұтқан.

 

Қаблиса ақындығымен қатар сөз бастаған шешен, ел басқарған басшы, қол ерткен батыр болған.

 

-

* * *

Тіл алсаңдар, шырағым,

Өсек сөзді елеме.

Үйір болғын, шырағым,

Жақсы сөзге өнеге.

Тіршілікте сыйласқын

Дүние қайтып келе ме?

Дүниеге сенім жоқ,

Мінерсіз бір күн кемеге.

-

Айтар әркім білгенін

Сөз ғып оны немене.

Қағыспай халқым тек жүрсін

Онан пайда өне ме?

Өсек-аяң сөз болса,

Жуытпағын денеңе.

-

Әділдің озар адымы,

Адал жан шығар төбеге.

Тентек адам шыға алмас,

Төбе түгіл сөреге.

Біреуге адам ор қазса,

Өзі түсер өреге.

-

Не болса соны ілік қып

Жүгінбеңдер төреге.

Әділетті төре жоқ,

Түсетін шөре-шөреге.

Ақынның елі сондай деп,

Үлгісі жақсы қандай деп,

Болыңдар елге онеге.

-

Елі-жұртым, сізге айтам,

Бірлікті бол, шырақтар.

Бірлікті жерде рызық көп,

Ол адам елге тұрақтар.

Ауызбірлік бар жерде

Жететұғын мұрат бар.

Ауызбірлік жоқ жерде

Қиянатты қият бар.

-

Ұяттың иман қабы дер,

Имандыда ұят бар.

Көпшілікке жаққан жан,

Басына жаққан шырақ бар.

Фәни тұрмақ бақида

Мінетұғын пырақ бар.

Ешкімнің хақын жемеңдер.

Артында оның сүрақ бар.

-

Әділетсіз адамда

Ұяты жоқ қият бар.

Ісі адал адамға

Шығатұғын қырат бар.

Ісі арам адамдар

Қашақтап, қорқып, жырақгар.

-

Ақылы жоқ адамдар

Тентектің сөзін қуаттар.

Ақылы бар адамдар

Бал бастаудан суаттар.

Тыңдаңыздар, ағайын,

Жегжат пенен жұраттар.

Түзелер заман кейінде

Бұл сөзімді бейімде.

Кейінгі қалған ұрпақтар,

Заманға жақсы тұрақтар!

-

Халықпыз  біз, қиынбыз

- -

Жеке-жеке жететін,

Ызға тастап кететін,

Жан байлығын, сыйын - біз.

-

Артық айтсам, келмеңіз,

Құнтсыз шыққан кемеміз

Адасатын жиі біз.

-

Үйден-үйге жететін,

Демде тарқап кететін,

Үйірілген құйынбыз.

-

Өткел тапқыш төтеден,

Даурығатын өте кең,

Ру жиған жиынбыз.

-

Шымбайында ері тар,

Арқалы боп көрінер,

Оза алмайтын миыңбыз.

-

Тектік пенен тексіздік,

Ептік пенен епсіздік

Тең түсетін үйің біз.

-

Қалып алған қанағат,

Ескіргенше жаңа, жат,

Ақыл-есті бүйымбыз.

-

Жанат қиял жалдаған,

Мұздап өліп қалмаған

Талайы тас түйінбіз.

-

Қасиет қып жандыққа,

Қанықтыра алдық па

Дін-мұсылман иін біз?

-

Тусырап бір тойғанға,

Шеттедік ну ойдан да

Жағасы кір киімбіз.

-

...Күнт келмесе өтеміз,

Құр күпініп, шын білмей,

Жер-әлемнің сыйын біз,

Халықпыз біз, қиынбыз.

-

Аларда адам ажалды

-

Аларда ажал адамды жаңылдырар,

Өмірді қу ажалға бағындырар.

Өмірден ажал үстем болар сонда,

Адамды елпектетіп табындырар.

Біраз күн дүниеге қызықтырып,

Үлде мен бүлдеге орап малындырар.

Құрметтеп дүние шіркін айналдырып,

Мойныңа гауһар, лағыл тағындырар.

-

Көтеріп көңілінді көтермелеп,

Әр неге соқтықтырып қағындырар.

Кей жанның мәртебесін биік етіп,

Астына тақ, басына тәж салындырар.

-

Дүниеге қолы жетіп түрғаннан соң,

Осыған мәз болады жағымдылар.

Өзі биік болған соң кімге зәру,

Түк білмейтін боп шығар ұғымдылар.

-

Бәрінен де сол артық сертте тұрса,

Ақпейіл сөзге берік тұлымдылар.

Болады кімге теріс ойласаңыз,

Халыққа кайырымды жұғымдылар.

-

Адамнан алады да, береді де,

Қайырлы колы ашық шығымдылар,

Ойлайды абыройын алдыменен

Ақылды төмен етпей тұлымдылар.

-

...Адамның адал ісін арам етер,

Ұялмас ардан кеткен зұлымдылар.

Кей адам көзге былай, сыртқа былай,

Жоқ емес іш ақтарар жырындылар.

-

«Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында»,

Деп айтады көне көз бұрынғылар.

Адамды алдап жүріп дүние шіркін

Бір күні қара жерге алындырар.

-

...Пысықтық, ептіліктен жан қалмайды,

Құтылмас күшке сенген қарымдылар.

Кей адам кейбіреуді көтермелер

Деп айтар, білімділер, шалымдылар.

-

Ол мақтауы ойласаң оған зиян,

Сорлыны құр мақтауға салындырар.

Бір күні сол мақтауы жетер түпке,

Ұрынып көрінгенге жанын қияр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: