(1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.
Толығырақ...
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді.
Толығырақ...
Арыстанбаб - әулие. Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: " Бабтардың бабы - Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар басы - баба Арыслан" деп жырлаған. Қазақ бақсылары да: "Түркістанда түмен баб, Сіздерден медеттілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстанбаб, Сіздерден медет тілеймін" деп әулиелерден демеу сұраған. Әулие-әнбиелер иерархиясында Арыстанбабтың ең жоғары тұрғанын Алпамыс жырының бір нұсқасында Байбөріге перзентті болатындығы жайында хабар жеткізген Баба түкті Шашты Әзіздің:
Толығырақ...
Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Толығырақ...
Әдиб Ахмед ибн Махмұд орта ғасырлық ақын, шариғатшыл хаким, ойшыл. Зағип болып туып, бұл дүниенің жарық сәулесін көрмей, бақиға озған ақын Түркістан маңындағы Жүйнек қаласында туған.
Ахмед ибн Махмұд түркі тілдерімен бірге араб тілін жетік меңгерген, Ислам шариғатын насихаттаған ақын.
Толығырақ...
Абай - қазақтың бас ақыны, ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1845 жылы туған. Шешесінің «Абай» деп қойған аты ел арасында көбірек қолданған. Абай он жасынан он үш жасқа дейін әкесі Құнанбай қажы салдырған Ескітам медресесінен дәріс алған.
Толығырақ...