Махмұд Қашқари (ХІ ғасырда өмір сүрген).

Махмұд Қашқари (ХІ ғасырда өмір сүрген).

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Махмұд әл-Қашқари, Махмұд әл-Хүсейін ибн Мұхаммед - ХІ ғасырдағы Орта Азиядағы атақты түрколог. Әкесі Хүсейін ибн Мұхаммед Барысқанның әміршісі болған.

 

Махмұд Қашқари Шу топырағындағы Барсхан қаласында ХІ ғасырда дүниеге келген, өзінің де, ата-бабасының да өскен, өркен жайған аймағы осы аталған жер. Атақты ғалымның туған және қайтыс болған мезгілі анық емес.

 

Ғұламаның бізге қалдырған басты еңбегі «Диуани лұғат-ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі»)  атты әлемге әйгілі кітабы. Бұл еңбек - ерте орта ғасырдағы түркілер жайлы жазылған энциклопедия. Онда ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының өмірі, ру-тайпалық атаулары, туысқандық ерекшеліктері, лауазымдары, ас-тағам аттары, асыранды, жабайы жануарлар, өсімдік әлемі, астрономия, апта аттары, географиялық терминдер, геологиялық, дәрігерлік, анатомиялық түсініктер, әскери, спорт түсініктемелері, дін туралы құнды мағлұматтар берілген.

 

Бұл аталған еңбектің жалғыз қолжазбасы Түркияның Стамбұл қаласындағы кітапханада сақталуда.

Әлемге әйгілі бұл ең

бекті филология ғылымының докторы, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубай көне түркі тілінен қазақ тіліне аударып шығарды.

 

Махмұд Қашқари - түркі тілтану ғылымының енгізін қалаған, әлемнің көне картасын, оның ішінде түркі халықтарының мекен-жайын белгілеген дөңгелек карта сызған ғалым.

 

Бисмилләһир Рахманир Рахим!

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен /бастаймын/!

 

Аттың түйіп құйрығын

Тәңірдің күтіп бұйрығын.

Алуға өмір сыйлығын,

Із тастап, кейін шегіндік.

 

***

Атымен тәңірімнің білім жидым,

Өмірдің көңіліме сырын түйдім.

Гүліме таудың таза суын құйдым,

Мәртебем сонан менің биіктепті.

 

***

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды,

Оны ешқашан күшпенен толтыруға болмайды.

***

Дүниеге құнықсаң сені орға жығады,

Данышпандар шыныққан оның мәнін ұғады.

***

Қанмайданға қасқайып кір, жігітім,

Елдің ақта саған артқан үмітін.

***

Ұлым, саған әдепті мирас етіп қалдырамын,

Жағалаған, жайқалған білімдінің бал құрағын.

***

Қарт адамға көрсетпегің ірге күш,

Ауырлыққа халықпенен бірге түс.

***

Бегім жүзін жасырды да,

Жүзеге ісін асырды да,

Ұлы Аллаһқа бас ұрды да,

Содан күні тез туды ғой.

***

Менен ұлым, ақыл ап, жақсы жолға жаратқын,

Елдің дана ұлы боп, біліміңді таратқан.

Іске асығыс кіріспе, иінін біл тұрақты,

«Жағамын» деп асыққан өшіреді шырақты.

***

Қайрап отыр қылышты, жіті бағып жауыңды,

Тура келсе, қарсы қой қалың қолды, қауымды.

Тек қорықпа, қошап ал, тура қарсы бардағы,

Қолға түсір батырын, быт-шыт бөліп-жардағы.

Ойнат қылыш басына, соқ шығарып талқанын,

Күшігендер жем көріп, ту заңғардан шүйілер,

Есті кісі айтқанға, ақылға тез иілер.

***

Сен қуанба, түйе, жылқы, күлікке,

Алтын, күміс, таза мата, мүлікке.

Мал-мүлікті «жау» деп еске түйесің,

Санаң болса, жауды қалай сүйесің?

Жиған малың «топан суы» деп ойла,

Домалатар қойтастай қып иесін.

Құдай беріп, қонса бақыт - әркім де,

Домалатар тасын тауға әр күнде.

Ел бұзылды байлық қуып, мал жиған,

Күшігендей өліксеге қонжиған.

Сақтайды жұрт малын жемей қаржылап,

Сараң алтын жия берер зар жылап.

Туыс емес - малдың қамын жасады,

Жақынымен иттей ырылдасады.

Аллаһты алдап, байлығы үшін қу жанның,

Баласын да буындырар туғанның.

***

Көрші ағайын туысқа,

Аса құрмет қылайық,

Тарту алсаң - дайында

Қарымтасын лайық.

Біреу күле қараса -

Жылы жүзбен таста көз,

Сақта тілді жаманнан,

Жақсы ой тілеп, баста сөз.

Басқан қиын іс түссе,

«Өтеді» деп сіркесін.

Заман ісін біліп тұр,

Соған қарай күрескін.

Қайыр қылсаң - тиеді,

Адам құл ғой қарынға.

Қалған малың құриды,

Кірсең қара орынға.

***

Тап-тату бол досыңмен - өзгермесін ол адам,

Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан.

Әмірімен тәңірімнің кең әлем бұл байланған,

Оның бәрі жұлдыз-аспан, күндіз-түн боп байланған.

***

Аллаһ соққан бұ ғалам,

Шыр айналып дөңгелер.

Жұлдыздары жыпырлап,

Күнді аударып, түн келер.

***

Аллаһ аспанды жаратты,

Ақық сеуіп таратты,

«Таразыны» бар етті,

Күнді аударып, түн келер.

***

Бір Иемді мақтаймын,

Білім жинап, сақтаймын,

Жақсылықта жақтаймын,

Бар көңілімді бағыштап.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (5)

Оқи отырыңыз: