- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 692
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастырумен «һибатулла Тарази» мешітінде «Мектепке жол – 2024» қайырымдылық шарасы өткізілді. Игі шараға облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен мешіт имамдары қатысты.
Меркі аудандық «Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның бастамасымен және ұстаз Есеналиев Еламанның ұйымдастыруымен «Жүніс молда» мешітінде «Имани жаз - 2024» шәкірттеріне арналған «Қоштасу кеші» өтті. Жазғы сауат ашу курсына 90 шәкірт қатысып, бағдарлама бойынша курсты аяқтады.
Шу ауданы «Кәрібай молда» мешітінің әйел-қыздар секторы Байториева Ғалия ұстаздың демеушілігімен «Алланы танығын келсе – саяхатта» атты семинар өткізді.
Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрборлдың ұйытқы болуымен ауыл шаруашылығы ұжымының атынан ауылдағы алты отбасыға 200 кг арпа-бидай өнімі үлестірілді. Бұған қоса бір қой құрбандық шалынып, төрт отбасыға таратылды.
Меркі ауданына қарасты «Рақымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікхан Меркі аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне «Жаназа рәсімдері» тақырыбында уағыз насихат айтып семинар жүргізді.