Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылдық «Жусанбай ата» мешітінің имамы Кенжебай Құрақбаев қарттарға арналған «қарттар – асыл қазынам» атты іс-шараға қатысты. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған шарада дәстүрлі әндерден концерттік бағдарлама болды.
Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылдық «Жусанбай ата» мешітінің имамы Кенжебай Құрақбаев қарттарға арналған «қарттар – асыл қазынам» атты іс-шараға қатысты. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған шарада дәстүрлі әндерден концерттік бағдарлама болды.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен аудандық деңгейде өткен Мәуліт кешіне облыстық орталық мешіттің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы келіп, Пайғамбар өмір баянынан уағыз-насихат жасады. Жамағатқа Пайғамбар өмірі мен хадистерінен алынатын үлгі-өнегелерді кеңінен баяндады. Сонымен қатар, Алла Елшісінің тұла бойын, мінез-құлқын, Қияметтегі дәрежесін де атап өтті.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің имамы Қуаныш Түзелбеков өз командасымен апталық футбол ойынына қатысып, салауатты өмір салтын ұстануда.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен «Мәуліт кеші» өтті. Мәуліт кешіне аудандағы қариялар, мешіт жамағаты және әйел-қыздар жамағаты мен шәкірттері қатысып, қонақ болды. Облыстан Һибатулла Тарази орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы арнайы қонақ боп шақырылды.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен Байзақ ауданының бас имамы және РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келіп, ауыл имам-молдаларына семинар өткізді. Семинар арнайы мешіт қызметкерлері үшін «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында өтті.
Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық «Көкдөнен» мешітінің азаншысы Кенжехан Баушыбаевтың ұйымдастыруымен Көкдөнен ауылындағы бала-бақша бүлдіршіндеріне сый-сыяпат жасалды.