Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты ауылында жаңадан бой көтерген «Ноғайбай би Дәулетбақұлы» мешіті ашылды. Мешіт ашылуы ең алдымен Қордай ауданының бас имамы Егизбаев Алмуханбетаранжан Айтмуханұлының Құран Кәрім аяттарын оқумен басталды. Ашылу салтанатына арнайы түрде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы, Қордай ауданының бас имамы Егизбаев Алмуханбетаранжан Айтмуханұлы, Қордай ауданының құрметті ардагері Маженов Ерлан, Дүнген диоспарасының алғашқы президенді, Жамбыл облысының құрметті ардагері Лоу Исхар Юсупович шақырылды. Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы жаңадан салынған жер бетіндегі Алланың үйінің ашылуымен жиналған ел ағаларын, ауыл азаматтарын құттақтап, сөз сөйледі. Одан кейін сөз кезегін аудан бас имамы алып, игі істердің төресі болған мешіт салу жайында уағыз насихат айтып өтті. Мешіттің ашылу салтанынан кейін барлығы ақ дастархан басында жиылып, астан дәм татты.