Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасынынан "Жақсы келін-ырысым атты келіндер сайысы өтті.
Жарыста жеті келіншек: таныстыру, тамақ әзірлеу, қамыр жаю, және жүйрік жауап табудан жарысты. Әділ қазылар алқасы мүшелері: Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы- Эльмира Аманқожақызы, «Рахман» мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы және «Құдайберген» мешіті ұстазы Малика Аханқызы болды. Жарыс нәтижесі бойынша :
1-орын Мадина Серікқызы.
2-орын
Сәуле Хамитқызы.
3-орын
Насиба Болатқызы мен Бегімай Темірбекқызы иеленді. Қатысушыларға сыйлықтар таратылып, алғыс айтылды.