Шамасы жететін адамның умраға баруы үлкен сауап. Умраның құндылығы туралы көптеген хадис шәрифтер бар. Олар: «Бір умра мен басқа умра екеуінің арасындағы істелген күнәларға кафарат (өтем).» (Бұхари)
«Рамазанда жасалған умра (нәпіл) қажылыққа тең.» (Әбу Дауд)
«Рамазан айында умра жасағандар менімен бірге қажылыққа барғандай болады.» (Тирмизи)
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен кезекті умра сапарына сертификат тапсырылды. Қажыларға сертификат табыстау үстінде оларға құттықтау сөздер айтылды. Сәтті сапармен, қабыл болған қажылыққа жетуі үшін жақсылап себеп жасап, дұғада болуы үшін дұға жасалды.