Тамды ауылы. Тәңкібай ата мешітінің имамы Төреқұлов Нұрбол мырзаның ұйымдастыруымен және ауылымыздың кәсіпкері Шойбековтер аулетінің демеушілігімен футболдан облыстық көлемде жарыс ұйымдастырылды.
Тамды ауылы. Тәңкібай ата мешітінің имамы Төреқұлов Нұрбол мырзаның ұйымдастыруымен және ауылымыздың кәсіпкері Шойбековтер аулетінің демеушілігімен футболдан облыстық көлемде жарыс ұйымдастырылды.
Тамды ауылы, Тәңкібай ата мешітінің имамы Мырзақұлұлы Нұрболдың ұйымдастыруымен ауданымыздың жастары арасында қазақтың ұлттық ойыны көкпардан жарыс өтті. Ең көп салым салған Тамды ауылының шабандоздары қанжығаларын майлап, жеңімпаз атанды.
Сәду Шәкіров ауылы, Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің бастамасымен ауыл жастары арасында мини футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Қасқабұлақ ауылы, Әбілхан қажы мешітінің имамы Асанов Хеурза деструктивті діни ағымнан сақтандыру бағыты бойынша мешіт жамағатымен кездесу өткізді.
Елімізге белгілі ғалым, РАТТ мүшесі Қанат Жұмағұл Талас ауданы "Әбдібай ата" мешітінің жамағатымен кездесу ұйымдастырды. Еліміздегі діни ағымдар: салафи-уахабилік, тәңіршілдік идеологиясының қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аққұм ауылы, Тұңғатар ата мешітінің имамы Қайратұлы Дәуреннің бастамасымен Аққұм ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әуелі Дәурен имам сөз алып, діни экстремизмге асыл дініміздің еш қатысы жоқ екендігі, экстремизм мен терроризм ешбір дінде құпталмайтындығын тілге тиек етті.