Тамды ауылы, Тәңкібай ата мешітінің имамы Мырзақұлұлы Нұрболдың ұйымдастыруымен ауданымыздың жастары арасында қазақтың ұлттық ойыны көкпардан жарыс өтті. Ең көп салым салған Тамды ауылының шабандоздары қанжығаларын майлап, жеңімпаз атанды.
Іс-шара соңында Нұрбол имам жиналған көпшілікке ізгі насихатын айтып, көкпардың тек физикалық күшті емес, сондай-ақ ұлттық болмысты, батырлық пен ерлік рухын дәріптейтін маңызды ойын екенін атап өтті. Имамның айтуынша, бұл ойын жастардың күш-жігерін, бірлігін, адалдығын арттырады, сондай-ақ қазақ халқының бай дәстүрін сақтауға көмектеседі. Көкпар жарысы тартысты әрі қызықты өтті, жеңімпаздар арнайы марапаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.