"ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ТӨНГЕН ҚАУІП" ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ТӨНГЕН ҚАУІП" ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аққұм ауылы, Тұңғатар ата мешітінің имамы Қайратұлы Дәуреннің бастамасымен Аққұм ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әуелі Дәурен имам сөз алып, діни экстремизмге асыл дініміздің еш қатысы жоқ екендігі, экстремизм мен терроризм ешбір дінде құпталмайтындығын тілге тиек етті.

Келесі сөз кезегін Аққұм ауылдық округі бойынша аға инспекторы Алмасбекқызы Данагүл алып, жастарымыздың діни сауатын көтерудің маңыздылығына тоқталып өтті. Жиын соңында Аққұм ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Аманбаев Болсынбек ағамыз сөз алды. Ауыл имамы Дәурен мырзаға және ауыл инспекторы Данагүл ханымға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: