Қасқабұлақ ауылы, Әбілхан қажы мешітінің имамы Асанов Хеурза деструктивті діни ағымнан сақтандыру бағыты бойынша мешіт жамағатымен кездесу өткізді.
Асанов Хеурза имам, кездесуде деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зиянын терең түсіндіріп, әртүрлі экстремистік идеологиялардың жастарды теріс жолға тарту әрекеттерін сынға алды. Ол салафи-уахабилік, таблиғи жамағаты, тәңіршілдік идеологиясының ерекшеліктері мен олардың қауіптілігін нақты дәлелдермен көрсетті. Имам, бұл ағымдардың исламның шынайы түсінігімен еш байланысы жоқ екенін және олар қоғамда түсінбеушілік пен алауыздық тудыратынын айтты.