Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылдық округінің молдасы Жайлаубеков Алихан ауыл әйелдерімен кездесіп шариғатымыздағы бала тәрбиесінің орны жөнінде насихат жұмысын жасады.
Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылдық округінің молдасы Жайлаубеков Алихан ауыл әйелдерімен кездесіп шариғатымыздағы бала тәрбиесінің орны жөнінде насихат жұмысын жасады.
Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында имам студенттерге діни білім мен тәрбие мәселелеріне тоқталып, имандылық жолындағы еңбек пен ғылымның маңыздылығын атап өтті. Ол жастарды рухани құндылықтарды жоғары бағалауға, ата-бабалардан мұра болған дініміз бен мәдениетімізді терең түсінуге шақырды.
Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешіті қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мешіт қолданысына қажетті құрал-саймандар алынып, көмір жинақтайтын сарай құрылысы аяқталды. Құрылыс демеушісіз мешіттің қолдауымен жүргізілді.
Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылдық "Досекеұлы Абсат" мешітінің молдасы Түсіпов Рахымбай ауылдық кітапхана ұжымына "Бабалар ұстанған дәстүрлі дол" тақырыбында іс - шара өткізді.
Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылдық "Шалғынбайұлы Бейсенбай" мешітінің имамы Әбкеев Сәбит Арманұлы "Діни экстремизм мен терроризм деген не" тақырыбында ауыл тұрғындарына арнап арнайы іс - шара өткізді.
Жамбыл облысы, Ізгі қоғам бағытының өкілі Есет Тұрдыбайұлы Шоқан Уәлиханов атындағы кітапхана ұжымымен “Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп” тақырыбында кездесу өткізді.