ТАЛАС АУДАНЫ: ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТАЛАС АУДАНЫ: ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізге белгілі ғалым, РАТТ мүшесі Қанат Жұмағұл Талас ауданы "Әбдібай ата" мешітінің жамағатымен кездесу ұйымдастырды. Еліміздегі діни ағымдар: салафи-уахабилік, тәңіршілдік идеологиясының қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Қанат Жұмағұл, кездесу барысында жастар мен үлкендердің діни сауатын арттырудың маңыздылығына тоқталып, елімізде кеңінен таралған радикалды діни ағымдардың қауіптілігін түсіндірді. Ол салафи-уахабилік және тәңіршілдік идеологияларының қоғамға, ұлттың рухани тұтастығына төндіретін қауіптерін ерекше атап өтті. Бұл ағымдардың қоғамның бірлігін бұзу, дәстүрлі ислам құндылықтарынан ауытқу, және жастарды теріс жолға тарту қаупін тудыратын әрекеттерін нақты мысалдармен түсіндірді.

Қанат Жұмағұл сондай-ақ, исламның таза, адамгершілікке, бейбітшілікке және діни толеранттылыққа негізделген ұстанымдарын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Ол жамағатқа дұрыс діни білім алу мен теріс ағымдардың ықпалына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндіріп, әрбір адамның діни мәселелерде сауатты болуын, рухани тұрғыдан жетілуін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: