Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні «Қордай» мешітінде жиналған көпшілікке ауданның бас имамы «Ғайбаттың зардабы және жаман ойдан сақ болу» тақырыбында уағыз айтты.
Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні «Қордай» мешітінде жиналған көпшілікке ауданның бас имамы «Ғайбаттың зардабы және жаман ойдан сақ болу» тақырыбында уағыз айтты.
«Мәуліт айы» - Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығы шәкірттерімен кездесу болып өтті. Медресе директоры Шерниязов Ғалымжан Сайлауұлы мен Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы шәкірттерге «Діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу» жайында уағыз-насихат айтты.
Елімізде дәстүрлі мерекеге айналған Мәуліттің бірнеше ғасырлық тарихы бар. «Мәуліт» сөзі соңғы елшінің туған күнін білдіреді. Мәуліт айында түрлі қайырымдылық, қоғамдық іс-шаралар өткізіліп, дастархан жайылып, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы жазылған жырлар оқылады, салауаттар айтылады.
Байзақ ауданы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінде көшпелі айлық уағыз дастарханы жайылды. Көшпелі айлық дастарханы ауыл имам-молдаларын жамағатқа таныстырып, өзге ауылдардағы жамағаттардың бір-біріне деген мейір-махаббатын ояту мақсатында жайылып жүр.
Ана болу - бұл армандардың асылы, қарым-қатынастың құлпы, өзің үшін ғана өмір сүруді тоқтату, жауапкершілікті сезіну, өз анаңның қадірін шын сезіну, есейіп, ес жинау, мықты болу.