«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тараз мәдениет мекені» тұжырымдамасы аясында «Ас беру мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың төрағалығымен өткен іс-шараға Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев және Есет Таласбаев, Мыңбаев Бекболат, Сатылғанов Асқар, Ембергенов Амангелді секіліді имамдар мен қоғам қайрткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар ас беру мәдениетінің қазақ халқының рухани және әлеуметтік өміріндегі орны мен маңызын талқылады. Әсіресе, дастарқан әдебі, ас беру рәсімдерінің шариғатқа сай ұйымдастырылуы және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жастарға өнеге боларлық мәдениетті дамыту мәселелері сөз болды.

Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев ас беру дәстүрінің Ислам дініндегі орнына тоқталып, оның артық шығынсыз, қарапайым түрде өтуінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қазіргі уақытта орын алып жатқан кейбір ысырапшылық жағдайларына назар аударып, ұлттық дәстүр мен шариғат қағидаларын үйлестіре отырып, жаңғыру жолдарын ұсынды.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай шаралар халық арасында ас беру мәдениетін дұрыс бағытта қалыптастыруға ықпал етеді. Жиын соңында ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, ас беру мәдениетіне қатысты нақты шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: