Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтановтың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік еріктілер күніне орай«Жастар аманаты» деген ұранмен мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық жасалды.
Сыйлықпен санаторияда ем-дом қабылдап жатқан 54 жасөспірім бала қамтылды. Іс-шараға мешіт имамымен бірге ауыл жастары да қатысып, үлес қосты. Артынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мүгедек балалардың көңіл-күйлерін көтеруге тырысты. Қайырымдылық шараға орталықтың директоры да қатысып, алған әсерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.