Жуалы аудандық, «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл имамдарымен кезекті жиналысы болып өтті. Жиында өткен айлардағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланды.
Бас қосуда Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы: «Қазіргі таңда әрбір имам өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарауы керек. Біздің халық алдындағы парызымыз – міндетімізді орындап, ел игілігі үшін адал қызмет ету»,- дей келе жиын барысында «Шариғат және пәтуа», «Уағыз және насихат», «Дін мен дәстүр және қоғаммен байланыс», «Жастар ісі мен ізгі қоғам», «Дін стері мен талдау», «Зекет және қайырымдылық», «Ихсан және ізгі қоғам», «Жат ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстармен кешенді түрде жұмыла атқару керектігін атап өтті. Әрбір мешітте имам жамағаттарға уағыз-насихат және тапсырылған бағыт бойынша іс шараларды дер кезінде орындалуын, мешіт тазалығы т.б. жұмыстарды атап өтті.
Жиын соңында Қабылбекұлы Ғалымжан Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің арнайы алғыс хатымен «Жуалы» көпшілік мешітінің наиб имамы Әбдірұлы Сейітқазы қажыны үздік наиб имам номинация бойынша және ардагер ауыл имамы номинация бойынша «Ән-Нұр» мешітінің имамы Сүгірбеков Алғабек, үздік ауыл молдасы номинациясы бойынша «Қайрат» мешітінің молдасы Бегәділұлы Саурамбекті марапаттап, құттықтауын жеткізді.