ИМАМДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

ИМАМДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының тапсырысы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қалыптастыру мақсатында өңір имамдарының біліктілігін арттыру үшін оқыту курсы ұйымдастырылды. 

Оқыту курсы Жамбыл облысының имамдарына діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруға қажетті білім мен дағдыларды үйретуді мақсат етеді. Бұл бастама имамдардың қоғамдағы рухани көшбасшылық рөлін нығайтуға және халық арасында тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға ықпал етуіне бағытталған. Курс аясында білікті мамандар мен сарапшылар экстремистік идеологияның алдын алу әдістерін, ақпараттық қарсы тұрудың тиімді жолдарын, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру бойынша практикалық тәсілдерді үйретеді. Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, заңнамалық нормалары және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге төтеп беру стратегиялары туралы мәлімет беріледі.

«Қай кезде болмасын жастар мен тұрғындардың діни білімін жетілдіруде, халық арасында Ислам діні туралы дұрыс ақпарат беріп, насихат жұмыстарын жүргізуде өңір имамдарының рөлі жоғары. Оқу бағдарламасы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халық арасында радикалды көзқарастардың таралуын болдырмауға бағытталған», – деген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы имамдардың жан-жақты, білімді әрі білікті болуы қажет екендігін жеткізді.

Айта кетейік, оқу-курсы үш күнге жоспарланған. Курс аясында имамдарға жобалық менеджмент, шешендік өнер, психология, SMM бағыттары бойынша да семинарлар өткізіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: