Әлжан ана ауылында "Құдайберген " мешітінде Малика Аханқызының ұйымдастыруымен "Құдайберген" және "Білім" мешіті шәкірттері арасында куиз форматында сайыс өтті.
Әлжан ана ауылында "Құдайберген " мешітінде Малика Аханқызының ұйымдастыруымен "Құдайберген" және "Білім" мешіті шәкірттері арасында куиз форматында сайыс өтті.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызы жамағатқа ұлттық құндылықтарды киім үлгісімен насихаттады. Ұлттымыздың ұмытылып жатқан тілі, киімі, дәстүрі, жалпы болмысы туралы сөз қозғады.
Күндердің төресі болған қасиетті жұма күні Қордай ауданы,Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Омаров Өмірсерік Халилаұлы Алға ауылы «Омар» мешітінде «Зекеттің қоғамдағы пайдасы» атты тақырыпта жұма уағызын жүргізді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірқатар ауылдық мешіт имамдарының ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мешіт іші мен ауласына және дәретханаларға тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл имамдары бастап, жанашыр жамағат қоштап Алланың үйін таза ұстауға харекет қылып, мешітке келетін жамағатқа жағдай жасады.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Әшірбайұлы 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараға қатысты. Мәдениет үйінде өткен шараға ауыл имамы өз үлесін қосып, ауылда атқарылып жатқан істерге көмек қолы тиген жандарға өз алғысын айтты.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауданға қарасты имам-молдаларды жинап, ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» қорының қызметін баяндап, насихаттады. 2025 жылдық жоспарды жеткізіп, атқарылуы керек іс-шараларға тоқталды.