Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Әшірбайұлы 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараға қатысты. Мәдениет үйінде өткен шараға ауыл имамы өз үлесін қосып, ауылда атқарылып жатқан істерге көмек қолы тиген жандарға өз алғысын айтты.
Алғыс айту күні - бірлік пен татулық мерекесі, қилы тарихты басынан кешірген Қазақстан халқының бір-біріне деген ілтипатын білдіретін күн, бауырмалдық пен сыйластық күні.
Мерекенің басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісім мен қайырымдылықты насихаттау.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі