Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірқатар ауылдық мешіт имамдарының ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мешіт іші мен ауласына және дәретханаларға тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл имамдары бастап, жанашыр жамағат қоштап Алланың үйін таза ұстауға харекет қылып, мешітке келетін жамағатқа жағдай жасады.
Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Алла елшісі ﷺ: «Дін – бұл тазалық», - деп өз үмметіне айтып кеткен. Жаман иісті жерлерден періштелердің қашатынын, лас жерлерге олардың кірмейтінін мәлімдеген. Дәрет алатын жердің өзін таза ұстап, ол жерге кіші дәрет сындырмау керектігін ескерткен. Сонымен қатар көпшілік жүретін жолдың бойына, көлеңкелік жерлерге де дәрет сындыруға болмайтынын айтып, мұндай адамдардың лағынетке ұшырайтынын білдіреді. Яғни, көпшілік демалыс орындарының да таза ұсталуын қадағалаған. Осылайша қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлген.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі