Қордай: Ұлттық киім үлгісі дәріптелді

Қордай: Ұлттық киім үлгісі дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті әйел-қыздар   сектор басшысы Эльмира Аманқожақызы жамағатқа ұлттық құндылықтарды киім үлгісімен насихаттады. Ұлттымыздың ұмытылып жатқан тілі, киімі, дәстүрі, жалпы болмысы  туралы сөз қозғады. Жалпы мұсылман қыз-келіншектеріміз бен апа-әжелеріміздің киім үлгісінде ұлттық нақыштардың тек қана наурыз айында киюмен шектелмеу керектігі түсіндірілді.

Сөз соңында өзіміздің құндылықтың жойылмауына барынша ат салысу әрбіріміздің міндетіміз, елімізге деген жан ашырлығымыз, ұлтымызға деген махаббатымыздың көрінісі екені дөп басылып айтылды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: