Күндердің төресі болған қасиетті жұма күні Қордай ауданы,Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Омаров Өмірсерік Халилаұлы Алға ауылы «Омар» мешітінде «Зекеттің қоғамдағы пайдасы» атты тақырыпта жұма уағызын жүргізді.
Мешітке келуші жамағатқа уағыз-насихаттан соң бұйрығы жаңадан шыққан Кеңшілік Орынбек Жамиғатұлынын имам қызметіне тағайындады. Көпшіліпен жұма намазы оқылып, соңында ақсақал қария қызметке жаңа тағайындалушы имамның ісіне береке тілеп, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі